Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу



Ст. 581 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу – 

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу – 

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...579 580 581 582 583 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 581-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V