Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы

Ст. 582 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру – 

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару – 

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған тiркеу борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару – 

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару – 

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 582-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...580 581 582 583 584 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 582-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V