Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
583-бап. Кемелердiң жүзу, оларға жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзу



Ст. 583 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқасы) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықты бүлдіру – 

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы – 

ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын көлемді кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы – 

ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...581 582 583 584 585 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 583-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V