Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

Ст. 584 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату – 

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау – 

бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 584-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...582 583 584 585 586 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 584-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V