Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бұзу



Ст. 588 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –

жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –

жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу –

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...586 587 588 589 590 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 588-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V