Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
593-бап. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердiтасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы



Ст. 593 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау – 

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  

2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз, салмақтық параметрлерді асыра отырып, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн жүрiп өтуi – 

жол берілетін салмақтық параметрлер бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегіз жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының көлемдік параметрлерін асыра отырып, арнайы рұқсатсыз, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн жүрiп өтуi – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімдерден ауытқи отырып жүрiп өтуi – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Барынша рұқсат етiлген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген автокөлiк құралының жол берiлген жалпы массасынан асып түсетiн өзi аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүктердi тасымалдау – 

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және көлемдiк параметрлерді асыруы – 

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...591 592 593 594 595 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 593-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V