Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу

Ст. 595 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау – 

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру – 

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау – 

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 595-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...593 594 595 596 597 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 595-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V