Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
611-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
Ст. 611 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.

Добавить комментарий к 611-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V