Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
625-бап. Темiржол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу



Ст. 625 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзетін және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау бейімдеме құрылғыларын бүлдiру – 

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзетін құралдардың басқа да жүк салатын орын-жайлардың пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жүк аулаларының, темiржол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу – 

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...623 624 625 626 627 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 625-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V