Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу



Ст. 637 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын: 

1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі; 

2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу; 

3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;  

4) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтерді тегін жалғау нөмірлерімен байланысты өшіру және (немесе) шектеу; 

5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы; 

6) байланыс операторларының өз желілерінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын таңдау бойынша абоненттердің құқығын шектеуі; 

7) көрсетілетін зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде абоненттерді жалғанымның құны туралы хабардар етпеу; 

8) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету; 

9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану; 

9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу; 

9-2) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бұзу; 

9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы; 

9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу; 

9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы; 

9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу; 

10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы; 

11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы; 

12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы; 

13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күндi өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы; 

14) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiнің жоғалуына алып келген қабылдау және табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы; 

15) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiндегі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы –  

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамауы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады. 

9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы – 

радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады. 

10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау – 

радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады. 

11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескертпелер. 

1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi. 

2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi. 

3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама және басқа да қызметтермен байланысудың мүмкін болмауына әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы әрекеті (әрекетсіздігі) түсініледі. 

Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...635 636 637 638 639 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 637-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V