Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
638-бап. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану



Ст. 638 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсінде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiкті құрылғыларды, пошта байланысының техникалық құралдарын пайдалану –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

ескерту жасауға немесе сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...636 637 638 639 640 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 638-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V