Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу



Ст. 652 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде немесе орындауға байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiні қорлауы – 

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

3. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындалу, ауыстырылу кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу –  

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, ұзақтығы он тәуліктен асатын, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

5. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет өткеру қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –  

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

6. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы – 

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

Ескерту. 652-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...650 651 652 652-1 652-2 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 652-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V