Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу



Ст. 665 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру – 

жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Прокурордың, тергеушiнің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарын орындамау – 

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Статья 1 ...663 664 665 666 667 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 665-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V