Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау



Ст. 670 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну –

жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...668 669 670 671 672 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 670-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V