Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 674 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру

1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденiн, медалін, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсiн, ерекшелік белгiсiн немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi – 

Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденi, медалі, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсі, ерекшелік белгiсi немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары тәркiлене отырып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау – 

белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Статья 1 ...672 673 674 675 676 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 674-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V