Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
69-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары



Ст. 69 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн:

1) заңды түсiндiру;

2) ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;

3) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;

4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.

2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.

4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк орган, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.


Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 69-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V