Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
694-бап. Әдiлет органдары



Ст. 694 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы. 

Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...692-1 693 694 695 696 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 694-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V