Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган



Ст. 705 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 

1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары; 

2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары; 

3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары құқылы. 

Ескерту. 705-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...703 704 705 706 707 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 705-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V