Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 708 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), үшінші және төртінші бөліктерінде), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 

1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 

2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 

3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 

Ескерту. 708-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...706 707 708 709 710 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться