Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
740-бап. Өтiнiшхат



Ст. 740 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар. 

2. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс. 

3. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі. 

Ескерту. 740-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...738 739 740 741 742 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 740-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V