Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу



Ст. 750 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Қорғаушыны өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келiсімімен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы. 

2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi. 

3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат iшiнде қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыным жасауға құқылы емес. 

4. Әкiмшiлiк ұстап алу жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады. 

5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған негiздер болған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі. 

6. Осы Кодекстiң 749-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат іс бойынша іс жүргізуге тағайындау арқылы қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі. 

7. Адвокат қорғаушы ретiнде адвокаттың куәлiгiн және нақты iстi жүргiзуге оның өкiлеттiктерiн куәландыратын ордердi көрсетуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iске қатысуға жiберiледi. Осы Кодекстiң 748-бабының екiншi бөлiгiнде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретiнде олардың iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiгiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 746-бабының үшiншi бөлiгiнде және 747-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.


Статья 1 ...748 749 750 751 752 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 750-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V