Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi

Ст. 753 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбірленушінің заңды мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар жәбiрленушiнiң өкiлдері бола алады. 

1-1. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады. 

2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бiрдей болады. 

3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған тұлғаның мүдделерiне қарамастан қандай да бiр әрекеттер жасауға құқығы жоқ. 

4. Жәбiрленушiнiң iске жеке қатысуы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды. 

Ескерту. 753-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...751 752 753 754 755 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 753-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V