Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
755-бап. Куәгер



Ст. 755 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады.

2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуы жеке басын тексерiп-қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке тұлғада болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап-тексеру, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi.

3. Куәгер жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы iс бойынша іс жүргiзуге қатысуға және өзiнiң қатысуымен жүргізілген әрекеттердi жүзеге асырылу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.

4. Куәгердiң жүргізіліп отырған әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға құқығы бар.

5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.


Статья 1 ...753 754 755 756 757 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 755-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V