Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
762-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар



Ст. 762 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қорғаушы және өкiл ретiнде қатысуға бұзылуы осы iстi қозғау үшiн негiз болған қағидалардың сақталуына қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып табылатын адамдар немесе олар бұрын осы іс бойынша iс жүргізуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, жiберiлмейдi. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуға сарапшы мен аудармашы, егер: олардың бiлiксіз екенi анықталса; олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушымен, өкiлмен, жүргiзуінде осы iс жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не егер олар бұрын осы іс бойынша iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сол сияқты бұл адамдарды осы iске тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер болса, жiберiлмейдi. 

3. Адамның iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген сараптамадан кейiн сараптама қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргiзудi тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылады.

Статья 1 ...760 761 762 763 764 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 762-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V