Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
786-бап. Жеткiзу



Ст. 786 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ хаттаманың жасалуы мiндеттi болып, оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған жерде жасау мүмкiн болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке тұлғаны, заңды тұлғаның өкiлiн, лауазымды адамды, ал осы баптың 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда көлік құралын және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдарын:

1) көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын, жол жүрісі тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қорғау жөнiндегi қағидаларды, көлiктегі жүктердiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаларды, өрт қауiпсiздiгi қағидаларын, көлiктегі санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемияға қарсы қағидаларды бұзушылықтар жасалған кезде – егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректерді хабарлайтын куәлар жоқ болса, сондай-ақ егер оның көлiк құралына қажеттi құжаттары болмаса, осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға iшкi iстер органына (полицияға);

2) орман тәртібін бұзушылықтар немесе аң аулау қағидаларын, балық аулау және балық қорын қорғау қағидаларын бұзу және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңнаманы басқаша бұзушылықтар жасалған кезде - орман және аңшылық шаруашылығы мемлекеттiк және ведомстволық күзетiнiң жұмыскерлерi, аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, балық қорғау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;

3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған кезде – әскерилендiрiлген күзет жұмыскерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);

4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;

5) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар жасалған кезде – экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерi;

6) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;

7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері;

8) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар тарапынан өтiнiш болған кезде – iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде, жеке басын сол жерде анықтау мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында заңсыз қызметті жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тиесілігі қарап-тексеру кезiнде анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының жеке басын және ұстап алынған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының тиесілігін анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi – шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге жатады.

3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргізілуге тиiс.

4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстап алу туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.

Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін көзделген мерзімде оны жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізудің жүргізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

Ескерту. 786-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...784 785 786 787 788 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 786-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V