Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз



Ст. 802 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға: 

1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы; 

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар; 

4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi; 

5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.  

2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады. 

Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5 және 6-тармақтары мен 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және мемлекеттік кіріс органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды. 

4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі. 

Егер әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркеген жағдайда, сондай-ақ істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі. 

Ескерту. 802-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). Заңдарымен.


Статья 1 ...800 801 802 803 804 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 802-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V