Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 807 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама: 

1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса; 

2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді; 

3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде; 

4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 92-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130, 132, 456-1 және 456-2 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды; 

5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды. 

2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды. 

Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...805 806 807 808 809 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться