Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын



Ст. 812 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.

2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 574, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.

3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383 және 440-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.

4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.

Статья 1 ...810 811 812 813 814 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 812-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V