Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
815-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оларға қарсылық білдіру



Ст. 815 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi. 

2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы. 

3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi. 

4. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, жоғары тұрған лауазымды адам келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды. 

5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.


Статья 1 ...813 814 815 816 817 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 815-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V