Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар



Ст. 819 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалғанын-жасалмағанын, осы тұлғаның оны жасауға кiнәлiлiгiн-кінәсіздігін, оның әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын-жатпайтынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн-келтірілмегенін анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

2. Судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтауды ескере отырып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.


Статья 1 ...817 818 819 820 820-1 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 819-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V