Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
827-бап. Шағым беру тәртібі

Ст. 827 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) шешімімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы, сараптама тағайындау және оны жүргізу тәртібі бойынша заңның бұзылуына, өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым (наразылық) бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, шешімдердің қабылдануына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа шағым беру және соттың оны қарауға қабылдауы және мәні бойынша шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды. 

2. Шағымдар әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешімдеріне шағым жасалатын органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті. 

Шағымдар, оларды қарауға уәкілеттік берілген жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), сотқа тікелей берілуі мүмкін. 

3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін. 

4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі. 

5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді. 

6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылмаған болса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы. 

7. Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда, судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады. 

Ескерту. 827-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...826‑4 826‑5 827 828 829 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 827-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V