Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзiмi

Ст. 832 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн. 

2. Шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін сот мерзімдері мен олардың мәнін шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді. 

3. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылдың ішінде берілуі мүмкін. 

Ескерту. 832-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...830 831 832 833 834 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 832-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V