Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 834 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

Ескерту. 834-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады. 

2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат келтіреді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды. 

3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады. 

Ескерту. 834-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...832 833 834 835 836 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 834-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V