Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы



Ст. 836 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.

Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған, сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сатыдағы сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды


Статья 1 ...834 835 836 837 838 ...920

Перейти к статье







Добавить комментарий к 836-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V