Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
84-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын бұзу



Ст. 84 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын: 

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу; 

2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiмдi орындамау түрiнде жасалған бұзушылық – 

лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 

лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...82-1 83 84 85 86 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 84-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V