Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 851 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы кемінде үш судьяның алқалы құрамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшiне енген сот қаулысының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге құқылы.  

2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.  

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.  

4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар. 

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:  

1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;  

2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;  

3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.  

6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды. 

Ескерту. 851-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау


Ескерту. 47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...849 850 851 852 853 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться