Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 856 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылдау

1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады. 

2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі. 

3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі. 

4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі. 

Ескерту. 856-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...854 855 856 857 858 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 856-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V