Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
857-бап. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару



Ст. 857 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:

1) арыздың осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;

2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;

3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.

2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.

Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.

3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.


Статья 1 ...855 856 857 858 859 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 857-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V