Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
877-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды жете тексеру, әкiмшiлiк ұстап алу және күштеп әкелу



Ст. 877 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң

1), 4) – 7) тармақшаларында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдардың мәртебесін растайтын құжаттары болған кезде, олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.

2. Егер шет мемлекет 876-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...875 876 877 878 879 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 877-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V