Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар

Ст. 900 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды. 

2. Тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 

3. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 

4. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 

6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды. 

Ескерту. 900-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...898 899 900 901 902 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 900-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V