Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі



Ст. 919 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.

2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

Ескерту. 919-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...918 918-1 919 919-1 920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 919-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V