Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 95 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

Ескерту. 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...93 94 95 96 97 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 95-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V