Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 96 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру

Ескерту 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу


1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу – 

келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту – 

ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – 

ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу – 

ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...94 95 96 97 98 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 96-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V