Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет



Ст. 10 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Жеке-дара өкiмдiк қызмет – лауазымды адамдар мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын, уәкiлеттi лауазымды адамдардың жеке-дара қолданылатын құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, қарамағындағы қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмдiк шараларды жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.

2. Мемлекеттiк органның басшысы (алқалы мемлекеттiк органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.

3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.

 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9-1 9-2 10 11 12 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107