Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
12-бап. Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi



Ст. 12 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Мемлекеттiк органға немесе тiкелей осы органның басшылығына жолданған қызметтік құжаттар келiп түсiп, iс қағаздарын жүргiзу қызметi оларды тiркегеннен кейiн басшылыққа берiледi, басшылық оларды қарап, олар бойынша тапсырмалар (қарарлар) дайындайды.

2. Мемлекеттiк органның лауазымды адамы мәселенi өз қарауына алған кезде қойылған мәселенiң шешiмi осы органның немесе осы лауазымды адамның құзыретiне жататынына көз жеткiзуге тиiс.

3. Егер мәселе белгiленген құзырет шегiнен тыс болса, уәкiлеттi лауазымды адам өтiнiштi үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушіні мiндетті түрде хабардар ете отырып, құзыреттi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм қабылдайды.

4. Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды.

5. Мемлекеттiк органға қайтаруды қажет ететiн құжаттарды жiберу кезiнде ол құжатқа осы мемлекеттiк органға қайтару қажеттігi туралы белгi қойылады.

6. Мемлекеттiк органдарда құжаттардың қаралу мерзiмi, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, бiр айдан аспауға тиiс.

 Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...10 11 12 12-1 13 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107