Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
20-2-бап. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру тәртібі мен мерзімдері



Ст. 20-2 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым әрекеттердің (әрекетсіздіктің) жасалғаны немесе актінің (шешiмнің) қабылданғаны туралы тұлғаға белгiлi болған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) берiледi.

Берілген шағым тіркелуге жатады.

Берілу тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен – жоғары тұрған мемлекеттік органның шағымды алған күні;

2) пошта арқылы – пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берілген күн болып табылады.

Егер шағым мерзім өткенге дейін поштаға немесе оны қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаға берілсе, мерзімі өтіп кеткен деп есептелмейді. Шағымның поштаға берілу уақыты – пошта штемпелі бойынша, ал оны қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаға берілу уақыты осы ұйымдар кеңсесінің немесе лауазымды адамдарының қойған белгісі бойынша айқындалады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша бұл мерзімді шағымды қарайтын жоғары тұрған мемлекеттiк орган (жоғары тұрған лауазымды адам) қалпына келтіруі мүмкін.

Шағым берудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру мақсатында жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және тұлғаны шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.

Бұл ретте тұлға шағым берудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептердің болғанын растайтын құжатты қоса беруге тиіс.

3. Шағым жасау үшін өтіп кеткен мерзім жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) үшін шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

4. Жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде оны кері қайтарып алуы мүмкін. Тұлғаның шағымды кері қайтарып алуы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мерзімдері сақталған жағдайда оны қайта шағым беру құқығынан айырмайды.

Статья 1 ...20 20-1 20-2 20-3 20-4 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-2-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107