Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
20-4-бап. Шағымдарды қараудың жалпы қағидалары



Ст. 20-4 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Тұлғаның шағымы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарады.

2. Шағым қаралған кезде онда жазылған дәлелдер жан-жақты тексеріледі, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан лауазымды адамдардың шағым жасалып отырған әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың шағым жасалып отырған актілеріне (шешімдеріне) қатысты түсіндірмелермен бірге қосымша материалдар талап етіп алдырылады.

3. Шағым оның мазмұны шегінде қаралады.

4. Жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.

5. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдарды қараудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Статья 1 ...20-2 20-3 20-4 20-5 20-6 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-4-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107