Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау



Ст. 9 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 9-1 9-2 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107