Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адвокаттық қызмет туралы

Адвокаттық қызмет туралы
1-бап. Адвокатураның мақсаты



Ст. 1 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

3. Осы Заңда белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі адвокаттық қызмет болып табылады.

 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195