Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адвокаттық қызмет туралы
13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру



Ст. 13 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.

Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.

2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195